«Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК
«Халықтық» (үлгілі) көркемөнерпаз ұжымдары

Батыс Қазақстан облысының мәдениет саласының халық шығармашылығы жанрлары кең өріс алып отыр. Соның айғағындай көкремөнерпаз ұжымдарының жұмысын қосымша ынталандыру, жоғары деңгейге жетелеу, әр топтағы дарынды адамдардың одан әрі кәсіби қалыптасуы үшін талантты өнерпаз орындаушыларды қолдау мақсатында кем дегенде бес жыл еңбек етіп, жұмысы бір арнаға түскен шығармашылық топтарға «Халықтық» (үлгілі) атағын тағайындау жолға қойылды.

 

Облыс бойынша 2018 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің 13 ақпандағы №41 бұйрығына сәйкес 28 көркемөнерпаз ұжымына «Халықтық» (үлгілі) атағы беріліп, өнер ұжымдары 111-ге  көбейді, соның ішінде «Халықтық» - 85, үлгілі – 26 ұжым, қатысушы көркемөнерпаз - 3010 адам.