«Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК
Облыстық «Әдіскер» клубы 2018

 «Мәдени үдеріс креативі – жарнама Бриф»

«Әдіскер» клубының отырысы

 

Үстіміздегі жылы 2 қарашада Зеленов ауданы Дарьинск  ауылдық мәдениет үйінде «Әдіскер» клубының «Мәдени үдеріс креативі – жарнама Бриф» кезекті отырысы өтті.

 

Негізгі мақсаты – әдіскерлердің кәсіби шеберліктері мен  іс-тәжірибелерін арттыру, өзара тәжірибе алмасу, жаңаша әдіс-тәсілдерді үйрену.

          

Отырысқа облыс аудандары мен қалалық мәдениет мекемелерінің әдіскерлері, МДҰ бөлімінің мамандары, барлығы 50-ге тарта әдіскер қатысты.

 

Ең алдымен Дарьинск ауылына келген қонақтар «Мәңгілік алау» алаңына гүл шоқтарын қойып, «Шолохов музейіне» экскурсия жасалды және ауылдық мәдениет үйінің жұмысымен таныстырылды.

        

Одан әрі аудан әдіскерлері белгіленген тақырыптар бойынша   5 минуттық жарнама және мәдени шаралардан үзінді бейнероликтер көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты.

 

Әдіскерлер жарнаманың жаңаша болуына баса назар аударып, Ақжайық ауданы «1 шілде  - Домбыра күні»Бөрлі ауданы «22 наурыз - Наурыз мейрамы», Бөкей ордасы ауданы   «1 желтоқсан -  Президент күні», Жәнібек ауданы «Жастарға арналған жаңа жылдық кеш», Сырым ауданы «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні», Казталов ауданы «1 наурыз - Алғыс айту күні», Қаратөбе ауданы «12 тамыз - Халықаралық жастар күні», Тасқала ауданы «Ғасырлар тоғысқанда» фольклорлық өнерді дамыту», Теректі ауданы «3 қазан -  Халықаралық музыка күні», Шыңғырлау ауданы «Отбасы күні мерекесі», МАБ «Патриоттық бағыттағы интеллектуалдық ойын», Деркөл МҮ «Ауған соғысына – 30 жыл» тақырыптары бойынша  дайындалған. Соның ішінде: Зеленов ауданы «Жастар summer fest» жазғы жас мамандар шоу-бағдарламасы», Жаңақала ауданы «21 мамыр – мәдениет қызметкерлер күні», Жастар мәдениет үйі «Ауыл – алтын қазына» салт-дәстүрді жаңғырту» жарнамалары  ерекшелігімен танылды.

 

Одан әрі әдіскерлер мен қала қонақтары Красноармейск ауылдық клубының жұмысымен танысып, концерттік бағдарлама тамашалады. Шара соңында әдіскерлерге методикалық нұсқау мен сценарийлер таратылды.  

 

.