«Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК
Облыстық «Әдіскер» клубы

Облыс мәдениетін көтеру, рухани эстетикалық тәрбиені өрістету, тарихи және мәдени құндылықтарды сақтап, озық тәжірибелерді насихаттау бағытында шығармашылық орталықта «Әдіскер» клубы жұмыс жасайды.

«Әдіскер» клубының жоспарлы жұмысы мен негізгі бағыты мәдениет саласының жұмысын жандандыру, жетістіктерін саралап, сала жұмысына бағыт-бағдар беру, жаңа бағыттағы тәжірибелік әдіс-тәсілдер мен клуб қызметкерлерінің кәсіптік шеберлігін көтеру, көркемөнерпаздар ұжымының шығармашылығын арттыру, халықтың бос уақытын тиімді пайдалану үшін қызмет түрлерінің жаңа формаларын енгізу, рухани-мәдени дәрежесін жоғарылату мақсаттарын іске асыру.

«Әдіскер» клубы өз қорының талаптарына сай материалдармен толықтырылып, үнемі жаңартылып отырады. Жылына 2 рет отырысы, облыстық семинар-кеңестер оздырылады.

«Әдіскер» клубының жетекшісі - Б.Давлеткалиева.

Облыс бойынша 12 әдістемелік орталыққа әдістемелік нұсқау, тәжірибелік көмек беріледі.