«Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

   1952 жылы «Халық шығармашылығы үйі», Батыс Қазақстан облысы әкімінің 17.02.1999 жылғы № 29 шешімімен «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорны болып қайта өзгертілді.


Орталық қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары

   Кәсіпорынның негізгі қызметі - мәдениет саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру, мәдениет мекемелерінде ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық қызметтерді жетілдіру, мемлекеттік және қоғамдық органдарға, шығармашылық одақтарға, өндірістік кәсіпорындарға, оқу-тәрбие беру ұжымдарына, ұлттық-мәдени орталықтарға, демалыс өткізу бірлестіктеріне, клуб мекемелеріне, жекелеген мамандар мен азаматтарға халық шығармашылығын дамытуда және демалыс уақытын ұйымдастыруда шығармашылық, әдістемелік, ұйымдастырушылық көмек көрсету, сұранымдарын оралымды және білікті қанағаттандыру;


   Халық шығармашылығы және клуб жұмыстарының мәдени-демалыс қызметінің жаңа түрлер мен әдістер арқылы таралуына жәрдемдесу; қазақ  және облыс аумағында тұрып жатқан басқа халықтардың рухани мұраларын насихаттау, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды жаңғырту, халық шығармашылығының дәстүрлі жанрларын дамыту; тәжірибе алмасу және шығармашылық кездесулерге ықпал ету; мәдени-шығармашылық салада көркемөнерпаздық белсенді қозғалыстар мен құрылымдарға қолдау көрсету.


Бөлімдері:

- Халық шығармашылығы бөлімі

- Мәдени-демалыстарды ұйымдастыру бөлімі

- Ақпарат, басылым және жарнама бөлімі

- Қаржыландыру бөлімі

- «Әдіскер» клубы


Көркемөнерпаз ұжымы:

- Халықтық «Ақжайық» би ансамблі

- Үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамблі

 

Халық шығармашылығы бөлімі

   Мәдени құндылықтарды, тарихи мұраларды, фольклорды, халық шығармашылығының түрлі жанрларын, ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарды сақтау, дамыту және насихаттау, еліміздің мәдениеті мен тарихын дәріптеу, «халықтық», «үлгілі», әуесқой ұжымдардың шығармашылық қызметтерімен айналысады. Халықаралық, республикалық, облыстық фестиваль-байқаулар, түрлі сайыс мен мәдени-шаралар өткізеді.

 

Мәдени-демалыстарды ұйымдастыру бөлімі

   Облыстық мәдениет мекемелерінде ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық қызметті (байқау ережесі, сценарий, әдістемелік нұсқаулар) толық жетілдіре отырып, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, ұлттық мәдени орталықтардың, жеке мамандардың бос уақыттарын ұйымдастыру, халық сұраныстарын белсенді ұйымдастырады. Мәдени шараларды өткізумен қатар аудандық мәдениет мекемелері жұмысына жаңаша бағытта бағыт-бағдарлар беру, шеберлік сынақтары мен семинар-кеңестерін өткізеді.

 

Ақпарат, басылым және жарнама бөлімі

 

   Облыстық мәдениет мекемелерінің ақпаратын жүйелендіру, сақтау, мәдени іс-шараларды басылым, әлеуметтік желілерге жіберу жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар облыс көлеміндегі жас ақындар мен ақын-жазушылардың шығармашылықтарын насихаттау, айтыс өнерін дамыту бағытында іс-шаралар оздырады. Баспаханалық (шағын кітапша, жинақ,  афиша, шақыру билеттері т.б.) көркемдеу-безендіру, шығару бағытында жұмыстанады.

 

Жұмыс уақыты:


сағ. 09.00-18.00


үзіліс 13.00-14.00-ге дейін


демалыс күндері: сенбі, жексенбі


Кәсіпорынның мекенжайы:


Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Қ.Аманжолов № 53


Байланыс мәліметі:


Қабылдау бөлмесі (факс):
 8-711-2-51-07-72


Бөлімдер:
 50 - 99 – 72, 51-09-16


Электрондық пошта адресі
 – ocnt-zko@mail.ru

  • www.ertegi.ru - Сборник сказок "Казахские народные сказки"
  • www.rnmc.kz - Республиканский научно-методический центр
  • www.kursovik.kz - Профессиональная база научных и курсовых работ
  • www.azbyka.kz - Информационно-просветительский портал "Азбука"
  • www.45minut.kz - Сайт научно-образовательных трудов учителей
  • www.kaz-tili.kz - Изучение казахского языка (грамматика)
  • www.moi-mir.kz - Справочник "Гармоничное развитие детей"
  • www.matematik.kz - Сайт математиков на казахском
  • www.biografia.kz - Биография известных людей Казахстана (справочник)
  • www.postupionline.com - Информационный портал для поступления в вузы
  • www.bolashak.kz - Образование по программе «Болашак»
  • www.essay.kz - Помощь в выборе профессии, университета
  • booklance.kz - Казахстанский сервис поиска книг
  • www.elp.kz - Проект об электронном обучении E-Learninig